Хабарландыру! ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ШҚО ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдауды жүргізеді

Хабарландыру!  ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ШҚО ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдауды жүргізеді

«Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 18-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдауды жүргізеді.

Дизель отынын жеткізуші әлеуетті операторлардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1-9 шілде (қоса есептегенде) аралығында Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 38/40 үй, индексі 070000 мекенжайы бойынша өтеді, телефондар: 8 (7232) 70-07-01; 70-07-23, электрондық мекен-жайы: uskhvko@akimvko.gov.kz.

Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес толтырылады.

Қағидалардың 17 тармағына сәйкес өтінімге келесі құжаттарды қоса ұсыну қажет:

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу,

жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;

3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың

шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;

8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы

туралы ақпарат:

  • техникалық паспорттың көшірмесі;
  • цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;

-     «Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) мұнай базаларының орналасу схемасы.

12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.

Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларда көзделген талаптар ресурс ұстаушыдан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге қолданылмайды.

Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші Комиссия хаттамасына автоматты түрде енгізіледі (ЖЖМ өз қажеттілігі үшін тасмалдайтын операторлар).

Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау жөніндегі комиссияның отырысы келесі мекенжайда өтеді: Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 38/40 үй, мәжіліс залы.

Комиссия отырысының өткізілетін күні мен уақыты туралы әлеуетті операторларға және комиссия мүшелеріне қосымша жеке хабарланатын болады.

 

Ауыл шаруашылығы
жұмыстарына мұнай өнімдерін
бөлудің өңірлік операторларын
айқындау қағидалары
1-қосымша

Нысан

Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім  

  1. __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

атынан ______________________________________________________________

           (бірінші басшының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

       Атынан дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі рәсімдерге қатысуға жіберуді сұраймын.

  1. Өтініш беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:    

атауы ________________________________________________

бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________

мекенжайы: __________________________________________________________ телефон нөмірі (факс), электрондық почта: ________________________________

      Жеке тұлға үшін:

аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________________

жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

нөмірі _______________________________________________________________

кім берді ____________________________________________________________

берілген күні _________________________________________________________

мекенжайы:__________________________________________________________

телефон нөмірі (факс), электрондық почта: ________________________________

      Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

орналасқан жері ______________________________________________________

хабарлама күні _______________________________________________________

      Өтінімге қоса берілетін құжаттардың атауы: 

      __________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы

      __________________________________________________________________

      Өтінім берілген күн: 20__ жылғы __________________