Бағаны тұрақтандыру тетіктері аясында ӘМАТ өнімі қорларын мониторингілеу қорытындысы бойынша ақпарат

Бағаны тұрақтандыру тетіктері аясында ӘМАТ өнімі қорларын мониторингілеу қорытындысы бойынша ақпарат

Премьер-Министрдің орынбасары С. М. Жұманғариннің тапсырмасына сәйкес, 13.04.2024 ж. әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі - ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі а. ж. 17 сәуірде жұмыс тобының құрамын бекітті. Оның құрамына ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармаларының, «Ертіс» ӘКК қызметкерлері, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері кірді.

Ағымдағы жылғы 18 сәуірде Жұмыс тобы «Агрофирма» Приречное» ЖШС және «Алтай» КТО» ЖШС көкөніс қоймаларындағы ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде шарт жасалған жеміс-көкөніс өнімдерінің көлеміне мониторинг жүргізді.

Сонымен қатар, «Алтай» КТО» ЖШС қоймаларындағы азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша жеміс-көкөніс және азық-түлік өнімдерінің шарт жасалған көлемінің қорлары расталды. Тиісті актілерге, хаттамаларға қол қойылып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды.