2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ТБН-4 жобалар тобының жетекшісі ТБН-4 міндеттерін орындауды оқыту бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізді

2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ТБН-4 жобалар тобының жетекшісі  ТБН-4 міндеттерін орындауды оқыту бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізді

2024 жылғы 16 сәуірде 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ТБН-4 жобалар тобының жетекшісі Е.В. Карпова облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М. Е. Беккужинамен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен және ведомстволық бағынысты мекемелермен ТБН-4 міндеттерін орындауды оқыту бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында Е.В. Карпова 2024 жылға арналған № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асырудың тұсаукесеріне байланысты сөз сөйледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу әдістемесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің «Dokumentolog» АЖ-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары» бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-курстан өтуі туралы айтып берді.

Оқыту слайд көрсетіліммен жүргізілді.

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М. Е. Беккужина қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу туралы еске салды.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, заңнамадағы қайшылықтарға талдау жүргізу бойынша сұрақтар қойды.

Семинар соңында ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. А.Е. Каджибекова ұжымға қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау, кез келген көріністерде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстану қажеттігі туралы айтты.