Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу алгоритмі (ұсыныстар)

Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу  алгоритмі (ұсыныстар)

Ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 қаулысымен бекітілген «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу қағидаларына»   сәйкес жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы жануарлары материалдық мүлік болып табылады және өтелуге жатады (төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болған жануардан басқа).

Материалдық залалдан зардап шеккен мал иелері төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.

Материалдық залалды өтеу туралы өтініш жергілікті атқарушы органға құжаттар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағалаушыдан келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады. Бұл ретте бағалау жүргізуді ұйымдастыруға байланысты шығыстар жергілікті атқарушы органға жүктеледі.

Төтенше жағдай кезеңінде тиісті әкімшілік аумақ әкімінің өкімімен құрылған Материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия (құрамында әкім аппаратының өкілдері, жергілікті полиция қызметкерлері, ҚР АШМ КВКиН аумақтық инспекциясының мамандары, «Вет» ШЖҚ КМК, қоғамдық ұйымдардың өкілдері) зардап шеккен жануарлардың өтініш берушіге тиесілігін анықтайды (сырғалары, таңбаларының АЖС базасында, ауылдық әкімдіктердің ЭШХУ-да болуы).

Ескерту: жануарларды есепке алу болмаған жағдайда комиссия жануарлардың тиесілігін айқындайды.

         Әкім аппараты ветеринариялық қызметпен бірлесіп, зардап шеккен жануарлардың тиесілігі анықталғаннан кейін өлген жануарлардың өлекселерін жоюды ұйымдастырады (қағидаларға сәйкес мал қорымдарында көму).

          Зиянды (залалды) өтеу мөлшері зиянды (залалды) өтеу сәтінде жергілікті жерде қолданылатын нарықтық баға бойынша жоғалған мүліктің құнын негізге ала отырып айқындалады.