Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің су тасқыны кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы жадынама.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің су тасқыны кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы жадынама.

Егер сіздің жануарлар мен құстарды ұстауға арналған үй-жайларыңыз немесе оларға кіретін жолдар су басуға бейім болса, сіздің құрылыстарыңызды, жануарларыңыз бен құстарыңызды су тасқынынан қорғау жөнінде алдын ала шаралар қабылдау қажет. Ол үшін:

Іргелес аумақты, су бұратын арықтарды уақтылы тазалаңыз, ғимараттардың шатырын қардан тазалаңыз.

Жоғары қабаттарға (шатырларға) құнды күтім мен азық-түлік заттарын ауыстырыңыз.

5 күн бойы ауылшаруашылық жануарлары мен құстарды суару үшін жем мен судың резервтік қорын жасаңыз.

Жеке қосалқы шаруашылығыңызда жануарлар мен құстар болса, оларды қажетті мөлшерде жем-шөппен су тасқынынан қауіпсіз жерге орналастыру мүмкіндігін анықтаңыз.

Аулада бекіту жұмыстарын жүргізу (Шөптермен бекіту және т.б.).

Жеке пайдаланудағы жүзу құралдарын дайындаңыз.

Су баспайтын аумаққа өту көпірлерін орнату үшін қажетті материалды дайындаңыз.

Эвакуация туралы ақпарат алған жағдайда өзіңізбен бірге ауыл шаруашылығы жануарларының ветеринариялық паспорттарын, жануарларға қызмет көрсету кезінде қолданылатын жылы ыңғайлы арнайы киімдерді мен аяқ киімдерді алып келу, электр қуатын өшіру, жануарларды ұстауға арналған үй-жайлардағы терезелер мен есіктерді жабу қажет.

Су басқан кезде

Егер жануарлар орналасқан ғимарат (үй-жай) су астында қалса, жануарларды үй-жайлардан босатып, жақын маңдағы төбеге апаруға тырысыңыз, ал иттерді шешіңіз.

Егер мал мен құсты ұстауға арналған үй-жайлар ықтимал су басу аймағына түссе, алдын алу шараларын қолданыңыз (тығыздау құрылғысы). Су ағындарына уақытша тосқауыл қою үшін құм дорбалары мен бекітіу аспаптарының қорын жасаңыз. Суды көтерілу қалқып  кететін жем-шөптерді алдын-ала үй-жайға (Сарайға) жинаңыз. Ашық су қоймаларынан жануарларды суаруға, келген (тасқын) сумен араласқан жемді беруге тыйым салынады.

Су тасқынынан кейінгі әрекеттер

Мал мен құсты ұстауға арналған қораға кірмес бұрын, едендер мен қабырғаларға айтарлықтай зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.

Электр сымдарының, су құбырларының және кәріз құбырларының жарамдылығын тексеріңіз.

Барлық есіктер мен терезелерді ашып, бөлмені құрғатыңыз.

Ұңғымалардағы суды кірден тазартыпай тұрып пайдаланбаңыз.