Онда фермер мен тұтынушы арасында делдалсыз ауылшаруашылық өнімдерінің саудасы ұйымдастырылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ішінара өңдеу үшін мүмкіндіктер бар. Ол үшін КТО құрамында 45 мың тоннаға дейін түрлі өнімдерді тиеу мүмкіндігі бар екі көкөніс қоймасы қарастырылған.
КТО-на өнімдерді жеткізуге Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары тартылатын болады. Ай сайын ет, балық және көкөніс өнімдерін жеткізу жоспарлануда.
Сүт өнімдерін жеткізуді облыстың сүт шикізатын өңдеумен айналысатын барлық кәсіпорындары жүзеге асыратын болады. Ай сайын 600 тоннадан астам сүт өнімдерін жеткізу жоспарлануда. Бұл сүт, май, айран, сүзбе.
Азық-түлік, нан-тоқаш өнімдерін облыс орталығының өңдеу кәсіпорындары, сондай-ақ жақын маңдағы бес аудан жеткізетін болады.