2023 жылдың 20 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б.Көшербаев ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Саланың үздік өкілдері мен ардагерлеріне құрмет грамоталары, төс белгілер табыс етілді, облыс әкімі ауылдың барлық еңбеккерлеріне табыс, жоғары жетістіктер мен амандық тіледі.