Сүтті мал шаруашылығындағы тұқымдық қайта құруды дамыту. Шығыс Қазақстан жағдайында сүт-ет бағытындағы Голштино-фриз және симменталь тұқымының таралуы. Бір жынысты тұқымдарды қолдану тәжірибесі («ОХМК» ЖШС мысалында)
Агроөнеркәсіптік кешен салаларының қазіргі жағдайы, тұтастай алғанда, кез-келген меншік түріндегі ауылшаруашылық кәсіпорындарының маңызды тұрақты кіріс көзі ретінде сүтті мал шаруашылығын дамыту қажеттілігін айқын растайды.
Сүтті мал шаруашылығындағы маңызды аспект - жануарлардың тұқымдарының генетикалық әлеуетін және оны сату дәрежесін жеделдету арқылы саланы қарқындату; жемшөп қорымен еңбектің ең аз шығынымен жоғары сапалы өнім бере алатын жануарларды өсіру болып табылады.
Ірі қара малдың генофондын сақтау және ұтымды пайдалану ауыл шаруашылығын дамытудың өте өзекті мәселесі болып табылады және көптеген міндеттерді шешуді талап етеді. Олардың бірі - жануарлардың өнімділігі мен асыл тұқымдық құндылығының генетикалық әлеуетін іске асыру үшін селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың заманауи әдістерін қолдану.
Сүтті мал шаруашылығын дамытуға асыл тұқымды бұқа тұқымының ұрығын (бір жынысты, екі жынысты) сатып алуға, сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алуға, ірі қара малдың эмбриондарын сатып алу құнын арзандатуға және т. б. шығындарды субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етеді.
Егер мал иесі тұқымды малды таңдауға барлық жауапкершілікпен қарап, жануарларды ұстау технологиясын, зоотехникалық талаптарды дұрыс ұстаған жағдайда сүтті ірі қара малды ұстау өте тиімді.
Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында асыл тұқымды ІҚМ-нің жалпы табындағы үлес салмағы жыл сайын артып келеді.
Облыстың статистикалық деректеріне сәйкес өнімділігі сүтті және сүтті-етті бағыты бойынша 12,5 мыңнан астам ірі қара мал бар. Оның ішінде симменталь және голштин-фриз асыл тұқымды ірі қара малдары басты басымдылыққа ие.
Симменталь тұқымы
Республика бойынша ІҚМ симментал тұқымы біркелкі бөлінбеген, осы тұқымның барлық ірі мал басы ҚР-ның шығыс бөлігінде (ШҚО, Павлодар облысы) орналасқан. Температураның, суықтың және тұрақты желдің күрт өзгеруіне қарамастан, бұл жануарлар біздің аймақтың қатты және қолайсыз климатына және ауа-райына өте төзімді.
Алайда, мұндай күрт континентальды климаттағы жануарлар толыққанды жемшөп қорымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сүт өнімділігі бойынша орташа көрсеткіш жылына 3000-3500 литрді құрайды, майлылық көрсеткіші 3.6% - 3.7%.
Ірі қара малдың бұл тұқымы бірден екі бағытқа ие болғандықтан, сүт өндіріліп, сүт өңдеу кәсіпорындары мен зауыттарына сатылады, ал жас бұқалар бордақылау алаңдарында тірі салмақпен сатылады. Салмақ көрсеткіштері бойынша олар ең жақсы ет тұқымдарынан еш кем түспейді.
Аналықтарды жасанды ұрықтандыру үшін нарықтағы жетекші жеткізушілерден сатып алынатын жоғары сапалы ұрықтандырушы бұқалардың тұқымы қолданылады.
Гольштин-фриз тұқымы
Гольштин-фриз тұқымды малдарды сыртқы бет бейнесіне қарап, басқа тұқымды малдардан оңай айыруға болады. Олар қара ала (кейде қызыл ала кездеседі) түсті, сонымен қатар бірнеше ұсақ қара дақтары бар ақ ала түсті болып келеді. Голштин малы - сүтті бағыттағы тұқымдардың ішіндегі ең ірісі, және жем мен шөпті көп мөлшерде қажет етеді.
Теңдесі жоқ өндірістің нәтижесінде, жоғары генетикалық құндылығы және қоршаған орта жағдайларының кең ауқымына байланысты, бейімделу қабілеті бар голштин тұқымы бүкіл әлемде сүт тұқымдарының көшбасшысы ретінде танылды. Қазіргі уақытта голштин тұқымы әлемнің 63 елінде өсіріледі. Голштин қауымдастығының асыл тұқымды кітабында 22 миллионнан астам жануар тіркелген.
Бұл тұқымнан лактация кезеңінде майлылығы 3,8-4,0% және ақуызы 3,2-3,5% болатын 9 500 кг-нан астам сүт өндіруге болады.
Голштин-фриз тұқымды ірі қара малдарының орташа өмір сүру ұзақтылығы шамамен 5 жылды құрайды. Қашарларды ұрықтандырудың қолайлы жасы 13 ай, сол кезде олардың салмағы орта есеппен 400 кг құрайды.
Сиырлар барлық басқару және ұстау жүйелеріне бейімделеді. Олар үшін қора, бокс, жайылым және аралас ұстау жүйелері қолданылады. Олардың таулы жерлерде немесе жазықта ұсталуы маңызды емес.
Алайда, малдың барлық жақсы қасиеттері дұрыс азықтану және ұстау жағдайында көрінеді. Сиырлар өте таза және антисанитариялық жағдайларға төзбейді.
Жоғары технологиялық процестерге негізделген заманауи өнеркәсіптік сүт өңдеу және сүт өнімдерінің кең ассортиментін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын сүттің сапасына жоғары талаптар қояды.
Сондықтан сүтті мал шаруашылығының басты басым бағыттарының бірі санитарлық-гигиеналық нормалар мен қайта өңдеу кәсіпорындарының талаптарына сәйкес келетін сүт өндіру болып табылады. Бұл мәселені шешу адамдардың қауіпсіз және толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар экономикалық тұрғыдан да өте маңызды.
Бүгінгі таңда облыста 8 тауарлы сүт фермасында бағдарламалық қамтамасыз етілген сауын залы бар жетілдірілген smart-фермалардың элементтері енгізілді, жануарларды азықтандыру және күту бойынша автоматтандырылған жүйе, ұрықтандыру үшін АТЖ-да бұқаларды компьютерлік іріктеуіштер орнатылды.
Облыстың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының ішінде «Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-ны атап өтуге болады.
«Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» ЖШС 2006 жылы облыстың Глубокое ауданындағы Солнечный кентінің аумағында құрылған.
Шаруашылық қызметінің бағыттарының бірі сүтті мал шаруашылығы болып табылады. Шаруашылық ірі қара малдың сүтті бағыттағы тұқымдарымен, атап айтқанда Голштин-фриз тұқымы өсіріледі. Шаруашылықта 4,0 мыңнан асатын мал басы бар, оның ішінде сауын сиырлар 2,6 мыңға жуық басты құрайды.
Кәсіпорын мал шаруашылығына цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Фермада сиырлардың жағдайын бақылау арқылы барлық ветеринарлық шараларды жоспарлауға мүмкіндік беретін «Uniform Agri» табындарды басқару бағдарламасы орнатылған.
Сауу процесінде «DeLaval» компаниясы шығарған «параллель типті жүйе» қолданылады, бір сиыр тәулігіне орташа 24-26 литр сүт береді.
Өткен 2022 жылы шаруашылық 17,9 мың тонна сүт өндірді.
«Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-да селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу жоғары деңгейде жолға қойылған. 2021 жылға дейін ұрғашы малдарды ұрықтандыру екі жынысты тұқыммен жүзеге асырылды, онда қашарлар мен бұқалар саны әдетте 50-ден 50%-ке дейін құрады. Шаруашылықта бір бұзау алу үшін орта есеппен асыл тұқымды бұқалар ұрығының екі дозасы қажет етіледі, бұл төл өнімділігінің 90-95% және 99% сақтауға мүмкіндік береді.
Бұзаулар екі айға дейін сүтпен қоректенеді және бір-бірінен бөлек ұсталады, 75 кг салмаққа жеткеннен кейін жануарлар басқа азықтандыру және ұстау базаларына ауысады. Шаруашылықта жас бұқашықтар 400 кг-ға дейін бордақыланып, одан әрі шаруашылықтың күнделікті қажетіне жұмсалады.
2021 жылдан бастап алынған ұрпақтан ұрғашы бұзаулардың үлес салмағын арттыру мақсатында қазіргі уақытта екі жынысты тұқымды қолданумен қатар бір жынысты тұқыммен ұрықтандыру жолға қойылып, іске асырыла бастады.
Ол үшін кәсіпорын азықтандыру менеджментін, табынның жайлылығын, сиырлардың денсаулық жағдайын, жас жануарлардың сақталуын жақсартты және ұрғашы тайыншалардың шығу көрсеткіштерін 80-85%, бұқашықтарды 15-20% дейін жеткізді.
Бір жынысты тұқыммен ұрықтандыру әдісін қолдана отырып, кәсіпорын өзін жоғары сапалы төл-бұқашықтармен қамтамасыз етті, олардың бір бөлігі қосымша табыс алу үшін сатылады.
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және жарамсыздыққа (брак) шығару кезінде ең мықты және ең жақсы малдар қалады, бұл ретте біздің өңірдің табиғи-климаттық жағдайларына төзімді және тұяқ ауруларына генетикалық тұрғыда мықты аналық мал бастарын өсіру жеделдетіледі.
Бір жынысты ұрықпен жасанды ұрықтандыруды қолдану барысында еуропалықтардан кем емес көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Мал шаруашылығы және
ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру бөлімінің басшысы Т. Уйданов