Құрметті ауыл еңбеккерлері, фермерлер, ауыл шаруашылығы ардагерлері!

Құрметті ауыл еңбеккерлері, фермерлер, ауыл шаруашылығы ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бұл кәсіби мерекені бүгінде халықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз етіп жүрген, ауыр да абыройлы еңбектің иелері атап өтеді.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешені жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Мал басы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі артып, өндірістің жоғары технологиялық жаңа объектілері іске қосылуда және соның нәтижесінде ауыл еңбеккерлерінің әл-ауқаты жақсаруда.

Сіздерге қажырлы әрі қадірлі  еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Жұмыстарыңыз жемісті болып, өндірісте әрқашан мол табысқа кенеле беріңіздер! Сіздерге сарқылмас күш, мықты денсаулық және алдағы күндерге деген нық сенім тілейміз! Өнімдеріңіз сұранысқа ие болсын және тұтынушылардан жоғары баға алсын!

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымы