Қазақстан Республикасы Күніне орай салтанатты жиын өткізілді

Қазақстан Республикасы Күніне орай салтанатты жиын өткізілді

2022 жылғы 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында Қазақстан Республикасы Күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаев қатысты.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан кейін салтанатты жиынды басқарма басшысының міндетін атқарушы Р.Н. Сагандыков Республика Күніне арналған баяндамамен ашып, қызметкерлерді ұлттық мерекемен құттықтады.

Н.Т. Еркебаев мемлекеттік қызметшінің қазіргі қоғамдағы рөлі мен қосатын үлесі айрықша екенін айтып өтті. Елге адал, мемлекеттік қызметші атына лайық дәрежеде қалтқысыз қызмет етуге шақырды. Басқарма қызметкерлерін Республика Күнімен құттықтады.

Жиынның екінші бөлімінде басқармада мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас маман С.Е. Көрпетанова салтанатты түрде ант берді. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Р.Н. Сагандыков бас маман С.Е. Көрпетановаға мемлекеттік қызметші куәлігін табыстап, қызметіне сәттілік тіледі.