«Қазақстан тарихы бойынша ТЖБ құрастырудың өзекті мәселелері»,  «Жас мұғалімдер мектебі»  қалалық семинары

«Қазақстан тарихы бойынша ТЖБ құрастырудың өзекті мәселелері»,  «Жас мұғалімдер мектебі»  қалалық семинары

2022 жылғы 19 қазанда ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша № 30 орта мектебі» КММ алаңында  «Қазақстан тарихы бойынша ТЖБ құрастырудың өзекті мәселелері»,  «Жас мұғалімдер мектебі»  қалалық семинары өтті.
Семинар аясында ТЖБ құрудың әдістемесі мен құралдары бойынша педагогтарға туындайтын қиындықтарға диагностикалау жүргізілді және  сол бойынша коучинг өткізілді.
Жас педагогтар диалог алаңы аясында пікір алмасып, осындай практикалық сабақтарды жүйелі түрде өткізу қажеттігін атап өтті. Сабақ соңында цифрлық форматта рефлекторлық шеңбер өткізілді. Іс - шараға барлығы 28 жас педагог қатысты.