Комплаенс-қызметінің жұмысын жүргізу бойынша оқу-семинар өтті

Комплаенс-қызметінің жұмысын жүргізу бойынша оқу-семинар өтті

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде ZOOM платфомасы арқылы басқарманың комплаенс-қызметіне жауапты тұлға басқармаға қарасты  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының комплаенс-қызметіне жауапты тұлғаларымен оқыту семинарын өткізді. Семинарда тоқсан сайынғы есептілік нысанының толтырылуы түсіндіріліп, есептілікті уақтылы және сапалы ұсыну қажеттігі ескерілді.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары, оны жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігі түсіндірілді.