Бүгін ШҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасында комплаенс-қызметіне жауапты тұлғалармен кездесу өтті

Бүгін ШҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасында комплаенс-қызметіне жауапты тұлғалармен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 18 тамызында басқарманың комплаенс-қызметіне жауапты тұлғалардың, соның ішінде «Өскемен-Вет» ШЖҚ КМК және ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінігің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері Г. Байқадамованың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына тоқталып, оны жүргізудің маңыздылығын, ерекшелігін түсіндіріп сұрақтар бойынша әдістемелік кеңестер берді.

Сонымен қатар, ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру нормаларын түсіндірді. Тоқсан сайынғы есептілік нысаны өзгергенін ескертіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің тиімді жұмыс атқаруы мақсатында жүргізілген іс-шаралар бойынша сандық көрсеткіштерден басқа, оларды растайтын материалдарды жіберу қажеттігін де атап өтті.