Бүгін ШҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының комплаенс-қызметіне жауапты тұлғалармен кездесу өтті

Бүгін ШҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының комплаенс-қызметіне жауапты тұлғалармен кездесу өтті

Бүгін ШҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының комплаенс-қызметіне жауапты тұлғалармен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында ZOOM платфомасы арқылы өткізілген кездесуге ШҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының комплаенс-қызметіне жауапты тұлғалар және ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінігің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Байқадамова Гүлназ Қажиахметқызы қатысты.

Г. Байқадамова квазимемлекет­тік сек­­то­рларда сыбайлас жемқорлық­қа қар­­сы комплаенс институтын ұйымдастыру, оның заңнамалық деңгейде енгі­зіл­генін жә­не комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі - құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәсіпорынның іскерлік беделін қорғау болып табылатынын, ең маңызды басымдық – алдын алуды, сондай-ақ, комплаенс қызметі бойынша мамандардың біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. 

Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс есептілікті жүргізу, оны жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар беріліп, түсіндірілді.