ШҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының комплаенс-қызметтерінің жұмысын үйлестіру жалғасуда

ШҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының комплаенс-қызметтерінің жұмысын үйлестіру жалғасуда

Ағымдағы жылдың 18 мамырында «Antikor Ortalygy» алаңында ШҚО ауыл шаруашылығы саласындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жауапты қызметкерлерімен және қала және аудан әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен семинар-кеңес өткізілді. Семинарға ZOOM платфомасы арқылы облыс өңірлері қатысты.

Семинарда квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіру және құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу мақсатында ұжымдарда комплаенс-қызметті құру мәселелері қаралды.

Превенция басқармасының қызметкерлері осы қызметтердің жұмыс істеуін реттейтін нормаларды, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуін түсіндірді. Сондай-ақ ISO 37001:2016 стандартын оқыту және сертификаттарын алу мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

ТБН-4 бойынша комплаенс-қызметінің жұмысын ұйымдастыру туралы қатысқандардың сұрақтарына ШҚО әкім аппаратының бас маманы Е.В.Карпова жауап берді, ол комплаенс-қызметтерінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру шеңберінде облыста «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ТБН-4) үлгілік базалық бағытының іске асырылуы туралы түсініктеме берді.