Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенінің 2022 жылғы 1-тоқсандағы дамуы туралы  

Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенінің  2022 жылғы 1-тоқсандағы дамуы туралы   

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаға сәйкес жүзеге асырылады.

2022 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 78,1 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120% өсті. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ 105,8%-ке жетті, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 100,0%, мал шаруашылығы - 105,9%.

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 65,7 млрд. теңгені құрап, 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 147,6%-ке өсті. НКИ 113,5% құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 15,7 млрд. теңгеге жетті, 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 101,9%-ке өсті.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 17,1 млрд. теңгеге немесе 2021 жылғы деңгейге қарағанда 190%-ке жетті.

Талданып отырған кезеңде шаруашылықтардың барлық санаттарында тірі салмақта ет өндіру 9,9%-ке артып, 52,1 мың тоннаны құрады, сүт өндіру 3,1%-ке артты (155,0 мың тонна).

Ірі қара мал басының саны 1287,8 мың басты құрады немесе 2020 жылдың 105,9%, жылқы 480,7 мың бас (112,1%), қой мен ешкі 1980,0 мың бас (100,3%), құс 3953,5 мың бас (102,8%).

Халықтан сүт сатып алу жалғасуда. 2022 жылдың 1-ші тоқсанында 47 сүт қабылдау пункті арқылы 3,1 мың тонна сүт сатып алынды (жоспар 100% орындалды).

65 тауарлы сүт фермасында 11,9 мың тонна сүт өндірілді және қайта өңдеуге өткізілді (100%).

2022 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды қолдауға субсидиялау бағдарламалары аясында 22,8 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға 6,1 млрд. теңге, мал шаруашылығына  8,8 млрд. теңге, инвестициялық субсидиялауға 4,3 млрд. теңге, қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялауға 0,572 млрд. теңге, қаржы құралдары бойынша 2,9 млрд. теңге. Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 1600,0 млн. теңге игерілді.