Жоба Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жоба Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Д. Рыпаков

 

Шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі


1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/220-V «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 болып тіркелген) шешімі.
2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 27/328-V «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3933 болып тіркелген) шешімі.
3. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 07 қазандағы № 32/395-V «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4222 болып тіркелген) шешімі.
4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 01 шілдедегі № 29/363-V «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4028 болып тіркелген) шешімі.
5. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/39-VII «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8721 болып тіркелген) шешімі.