Шығыс Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы ақпарат

Болжамға сәйкес, 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 1393,3 мың га құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 14,6 мың га артық (2021 жылғы егіс алаңы – 1378,7 мың га).
Егіс алқаптарының құрылымы мынадай түрде ұсынылатын болады:
- дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 601,9 мың га, оның ішінде күздік дақылдар 36,5 мың га;
- майлы дақылдар 484,7 мың га;
- азықтық дақылдар 274,4 мың га, оның ішінде көпжылдық азықтық дақылдар 205,5 мың га;
- картоп 19 мың га;
- көкөністер мен бақша өнімдері 13,3 мың га;
2022 жылы жаздық егістің жоспарланған көлемі 1151,3 мың га құрайды.
2022 жылғы егінге егістік топырақтың құнарлылығын арттыру үшін облыс шаруашылықтары 36 мың тонна сатып алуды жоспарлады. 2022 жылғы 6 сәуірдегі жағдай бойынша тиеу 54,0% немесе 19,5 мың тоннаны құрайды. Барлық тиелген көлем 100% төленді. Көктемгі дала жұмыстары басталғанға дейін тиеу толық көлемде жүзеге асырылатын болады.
Аммиак селитрасының БАҚ-та жарияланған бағасын жеткізуші «ҚазАзот» АҚ 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге төмендетті.
2022 жылғы егіске арналған барлық дақылдардың себілетін тұқым көлемі 109,9 мың тоннаны құрайды, оның ішінде: дәнді дақылдар – 104,8 мың тонна немесе 108,1%, майлы дақылдар – 4,3 мың тонна немесе 93%, жемшөптік дақылдар – 0,8 мың тонна немесе тұқым себу жоспарының 66%-і.
Облыс аграршылары дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар және картоп тұқымдарымен толық қамтамасыз етілген. Жыл сайын майлы және жемшөп дақылдары бойынша өз тұқымдарында шағын тапшылық қалыптасады, олардың жетіспеушілігі Павлодар, Алматы және Қостанай облыстарынан, сондай-ақ шетелдік тұқым өткізушілерден жеткізу есебінен жабылады.
Көктемгі егіс жұмыстары басталғанға дейін барлық тұқымдық материалдар барлық сапалық көрсеткіштерге тексеріледі.
Облыс шаруашылықтарында тракторлардың, егіс және топырақ өңдеу техникасының қажетті саны бар, олар көктемгі егіс жұмыстарының басталуына толық дайын болады. Тракторлардың дайындығы 98%, тіркеме техникасының дайындығы 100% құрайды.
Белгіленген жұмыс көлемін орындау үшін Павлодар мұнай өңдеу зауытынан тоннасына 212 мың теңге (180,0 теңге/литр) босату бағасы бойынша 33 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Бөлінген 33 мың тонна дизель отынының көлемінен наурыз айына 5 мың тонна, сәуір айына 12 мың тонна, мамыр айына 11 мың тонна және маусым айына 5 мың тонна бөлінді. Операторлардың босату бағасы 1 литр үшін 198-ден 205 теңгеге дейін болады.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу үшін ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 6 млрд. теңге субсидия көзделген, бұл 2021 жылғы деңгейден 577 млн. теңгеге артық, оның ішінде:
– тұқым шаруашылығын қолдауға - 2 млрд. 367 млн. теңге;
– минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға - 2 млрд. 136 млн. теңге;
- пестицидтердің құнын арзандатуға - 1 млрд. 472 млн. теңге;
- суару суын жеткізу бойынша қызметтердің құнын субсидиялау - 179 млн.теңге.