Басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық туралы

Басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық туралы

Биылғы жылғы 10 желтоқсанда ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері үшін онлайн режимінде семинар өткізді.

Семинар барысында ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы  Г. Бекбаева ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының ережелерін түсіндірді.

Семинар соңында басқарма қызметкерлері ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына қатысты сұрақтар қойып, жауап алды.