«Мойылды Байқоңыр» ЖШС СТФ табыны толықтырылды

«Мойылды Байқоңыр» ЖШС СТФ табыны толықтырылды

2026жылғы 30 қыркүйекте Алтай ауданының Полянское ауылында орналасқан «Мойылды Байқоңыр» ЖШС-нің сүт-тауарлы фермасына «Игілік» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасын іске асыру аясында Ресей Федерациясынан асыл тұқымды голштин-фриз тұқымының 224 бас қашары әкелінді.

Асыл тұқымды малды жеткізу «Алтай ауданы, Полянское ауылында
1 075 фураждық басқа арналған сүт-тауарлы ферма салу» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Ферманың жобалық қуатын кезең-кезеңімен қалыптастыру мақсатында жыл соңына дейін 221 бас малдан тұратын екінші партияны сатып алу жоспарлануда. Осылайша, фермадағы жалпы мал басы 1 075 фураждық басқа жеткізіледі.

Жоғары өнімді асыл тұқымды мал басымен толықтыру сүт өндіру көлемін арттыруға, өнімнің сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және кәсіпорынның өндірістік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Ферманы дамыту өндірістік базаны одан әрі жаңғыртуға және сүт өндірісінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Өндірілген сүт «Восток-молоко» корпорациясы» ЖШС-не өткізіледі.

Қазіргі таңда шаруашылықта 124 адам еңбек етеді, оның ішінде 38 адам сүт-тауарлы фермада жұмыс істейді. Кәсіпорынның дамуы өндіріс көлемін арттырумен қатар, ауылдағы жұмыс орындарын сақтауға және жұмыспен қамтуды дамытуға ықпал етеді.

Жобаның іске асырылуы сүтті мал шаруашылығын дамытуға, өндіріс тиімділігін арттыруға және Алтай ауданының ауыл шаруашылығы әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.