19 қыркүйекте «Алтай» КТО аумағында Алтай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

19 қыркүйекте «Алтай» КТО аумағында Алтай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында облыстық іс-шараларды, оның ішінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу көзделген.

Осыған байланысты облыстың қалалары мен аудандарының қатысуымен 2026 жылғы 19 қыркүйектен 12 желтоқсанға дейін Мәдениет күндерін өткізу кестесі бекітілді.

Ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте «Алтай» КТО аумағында Алтай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде жалпы көлемі 10 750 кг ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады, оның ішінде: 2 500 кг сиыр еті, 2 100 кг жылқы еті, 150 кг қой еті, 450 кг құс еті, 700 кг сүт өнімдері, сондай-ақ 1 500 кг жеміс-көкөніс өнімдері және ауыл шаруашылығының басқа да өнімдері ұсынылады.