
📌 Әдеп мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті
Басқармада әдеп мәселелері бойынша кеңес отырысы өткізілді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мәселелері талқыланды.
Қызметтік тәртіп пен кәсіби этиканы сақтау – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі.