ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАЙТА БАСТАЛДЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАЙТА БАСТАЛДЫ

📢 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАЙТА БАСТАЛДЫ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы жануарларының санын көбейтуге бағытталған жобалар қаржыландырылады.

🐄 Микронесиені мына мақсаттарға алуға болады:

• ірі және ұсақ мал сатып алуға;
• жылқы мен ауыл шаруашылығы құстарын сатып алуға;
• ауыл шаруашылығы жануарларының басын көбейтуге.

💰 Бағдарлама шарттары:

• жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үшін – 2 500 АЕК-ке дейін;
• ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – 8 000 АЕК-ке дейін;
• несие мерзімі – 7 жылға дейін;
• жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5%.

📍 Бағдарлама бойынша өтінімдер қабылдау және кеңес беру жұмыстарын «Атамекен МҚҰ» ЖШС, «ШҚО МЖӘ Орталығы» АҚ, сондай-ақ аудандық және ауылдық округ әкімдіктері жүзеге асырады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарын қолдауға, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған.