суармалы жерлерді кеңейту

суармалы жерлерді кеңейту

2026 жылғы 6 тамызда ауыл шаруашылығы басқармасы өңірлер әкімдері орынбасарларының, әкімдіктердің ауыл шаруашылығы бөлімдері басшыларының, сондай-ақ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы басшылығының және "Қазсушар"РМК өкілінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес барысында суармалы жерлерді кеңейту, оның ішінде суды үнемдейтін суару технологияларын қолдану, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Ертіс бассейндік инспекциясының басшылығы қолданыстағы заңнама шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су ресурстарын ұтымды пайдалануы жөнінде аудан әкімдіктеріне түсініктеме берді.