Қазақстанның үздік тауары – 2026: Шығыс Қазақстан өңірлік өндірушілердің жетістіктерін таныстырды.

Қазақстанның үздік тауары – 2026: Шығыс Қазақстан өңірлік өндірушілердің жетістіктерін таныстырды.

Қазақстанның үздік тауары – 2026: Шығыс Қазақстан өңірлік өндірушілердің жетістіктерін таныстырды.

Өскеменде ШҚО жетекші өндірушілерін біріктірген «Қазақстанның үздік тауары-2026» өңірлік көрме – конкурсы өтті. Ауқымды іс-шара жергілікті бизнестің жетістіктерін көрсету, тәжірибе алмасу және отандық өнімді жаңа нарықтарға жылжыту алаңына айналды.

Байқаудың басты мақсаты-жергілікті өндірушілерді жан-жақты қолдау, шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, отандық брендтерді ілгерілету, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлігі мен өндірістік әлеуетін одан әрі дамыту.

Көрмеде экономиканың түрлі салаларындағы ондаған кәсіпорындар ұсынылды. Келушілер тамақ өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының, жеңіл өнеркәсіптің, құрылыс саласының, машина жасаудың, жиһаз өндірісінің, халық тұтынатын тауарлардың, қолөнершілер бұйымдарының және

Салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, кәсіпкерлердің өңір экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

«Жыл сайын шығарылатын өнім ассортименті кеңейіп, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Біздің кәсіпорындар заманауи технологияларды сенімді түрде енгізуде, жаңа нарықтарды игеруде және өңірді елімізде де, одан тыс жерлерде де абыроймен таныстыруда», - деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Ол сондай-ақ облыс кәсіпорындары дәстүрлі түрде республикалық деңгейде жоғары нәтижелер көрсететінін айтты. Биыл "Қазақстанның үздік тауары – 2026" байқауының жеңімпаздары Астана қаласындағы республикалық көрмеде "Қазақстанда жасалған" бірыңғай ұлттық брендімен Шығыс Қазақстан облысын лайықты түрде таныстыратынына сенімдімін,-деп атап өтті өңір басшысы.

Жеңімпаздар:

«Үздік азық-түлік тауарлары»

  1. "Айтас МП" ЖШС-Шұжық өнімдері
  2. "Сүт экспресс" ЖШС - сүт өнімдері
  3. "Шығыс универсал" ЖШС-балық өңдеу