
30 мамыр күні Өскемен қаласында Улкен Нарын ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары табиғи әрі сапалы өнімдерді өндірушілерден тікелей нарық бағасынан 15%-ға дейін төмен бағамен сатып ала алады. Жәрмеңкеге жалпы көлемі 3,8 тонна болатын келесі өнімдер әкелінеді:
Сиыр еті – 1,8 тонна;
Жылқы еті – 0,7 тонна;
Қой еті – 0,3 тонна;
Күнбағыс майы – 0,3 тонна;
Ара балы - 180 кг;
Картоп - 0,3 тонна;
Әртүрлі тосаптар - 60 кг;
Құрт, ірімшік, талқан - 30 кг.
📍 Өтетін орны: «Алтай» КТО, Жібек жолы көшесі, 44
🕗 Уақыты: 08:00-ден 13:00-ге дейін
🤝 Баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз! Улкен Нарын ауданының табиғи өнімдерін сатып алып, дәмін татыңыздар!