Мал шаруашылығына байланысты

Мал шаруашылығына байланысты

Бүгін, 2026 жылдың 22 мамырында Ауыл шаруашылығы басқармасының ғимаратында өңірдегі мал шаруашылығының өзекті мәселелеріне арналған маңызды кездесу өтті.  

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Д.А. Мамиев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚО филиалы басшысының орынбасары М.С. Қалиев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясының өкілі А.Р. Сәріпова, сонымен қатар аймақтағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен басқарма мамандары қатысты.

         Облыс көлемінде мал шаруашылығымен айналысып отырған жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету және мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру. Жиында екі маңызды бағыт талқыланды:

- «Игілік» және «Береке» бағдарламалары арқылы шет елден асыл тұқымды мал сатып алу шарттары;

-мал бордақылау алаңдарына есептік нөмір (учетный номер) алу тәртібі.

Бүгінгі күні өңіріміздің еңбекқор шаруалары «Игілік» және «Береке» бағдарламаларының игілігін көріп, шет елден мал әкеліп, өз кәсібін жаңа деңгейге көтеруге үлкен ынта танытып отыр.

 Кездесу ашық диалог форматында өтті. Желідегі және залдан қойылған сұрақтар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан айтылған ұсыныстар мен өзекті мәселелердің барлығы назарға алынды. Басқарма тарапынан көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.