2026 жылғы 20 мамырда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика» және «Құқықтану» мамандықтарының бітіруші курс студенттеріне «Ашық есіктер күні» өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімдерінің жұмысымен танысып, мекеме қызметкерлері ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі функциялар мен міндеттер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар, қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, өндірістік тәжірибеден өту және мемлекеттік қызметке орналасу талаптары туралы мәлімет алды.

Аталған іс-шара бітіруші курс студенттеріне болашақ мамандығын таңдауға, өздерінің қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға, сондай-ақ кәсіби қызметке және еңбек нарығына бейімделуге мүмкіндік береді. Осындай кездесулер білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайтып, жастардың мемлекеттік басқару және ауыл шаруашылығы саласына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.