Хабарландыру

Хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясы облыс қалалары мен аудандарында бағаларды тұрақтандыру мақсатында азық-түлік тауарларын өндірушілер мен жеткізушілерді ынтымақтастыққа шақыратынын хабарлайды.

2026 жылғы күз-қыс кезеңіне арналған көкөніс өнімдерін сатып алу жүзеге асырылады: картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат.

Қатысу шарттары:

  1. заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
  3. екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
  4. азық-түлік тауарларын тиісті түрде сақтау және олармен байланысты сатып алу, дайындау және бөлу операцияларын жүзеге асыруға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдықталған үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешенді меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару) иеленуі;
  5. мемлекеттік сатып алудың сенімсіз қатысушылары тізілімінде болмауы;
  6. мамандандырылған ұйым алдындағы орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне қатысты шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
  7. Қағидалардың 40-тармағына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 316 қаулысымен бекітілген Қағидалар Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 қыркүйекте № 6168 болып тіркелген.

 

Мамандандырылған ұйым – «Ертіс» ӘКК» АҚ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., 59/1.

       Бағдарламаға қатысушыларға «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен қатысушылар арасында қарыз шарты жасасу арқылы, қайтарымдылық шарттарымен қарыз беріледі.

        Бағдарлама қатысушылары қарызды қайтару міндеттемелерін орындауды «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-қа мүлікті кепілге қою, банк кепілдігі, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде қамтамасыз етеді.

        Толығырақ шарттар мына сілтемелерде жарияланған:

 

дерекқорда: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V19V0006168 (Ереженің 36–44-тармақтары),
https://spkertis.kz/ru/price-stabilization