
2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау бағдарламалары шеңберінде 26,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде:
- өсімдік шаруашылығын дамытуға – 3,4 млрд. теңге;
- мал шаруашылығын дамытуға – 8,7 млрд. теңге;
- инвестициялық субсидиялауға – 3,6 млрд. теңге;
- кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 5,8 млрд теңге;
- қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялауға – 4,8 млрд. теңге;
- қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру шеңберіндегі субсидиялауға – 0,2 млрд. теңге.
2026 жылғы 01.04.2026 жылғы жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 20,5 млрд. теңге субсидия төленді, (жылдық жоспардың 77,5%-ы).
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңейту шеңберінде ШҚО аумағында АӨК инвестициялық жобаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы 2025 жылғы қаражат есебінен мал бордақылау алаңын салу, сүтті қайта өңдеу, балық шаруашылығы және көкөніс қоймасын салу бағыттарында жалпы сомасы 3,180 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба қаржыландырылды.
Сонымен қоса, аталған бағдарлама аясында 2026 жылға республикалық бюджеттен сүтті қайта өңдеу, балық шаруашылығы, суармалы егіншілік және басқа да бағыттардағы ірі жобаларды қаржыландыруға 4,0 млрд теңге қарастырылған.
Халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 2025 жылғы қаражат есебінен 01.04.2026 жылғы жағдай бойынша жалпы сомасы 420,9 млн теңгені құрайтын 24 жоба қаржыландырылды.
Оның ішінде:
– шаруа қожалықтары/жеке кәсіпкерлер бойынша 12 жоба – 103,5 млн. теңге;
– әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы 12 жоба – 317,4 млн. теңге.
Сонымен қатар, 2026 жылға аталған бағдарлама бойынша шамамен 266 жобаны қаржыландыру үшін 4,5 млрд теңге қарастырылған. Қаржыландырудың басым бағыттары: туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту.
Бұдан бөлек, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында «Кең дала 2» бағдарламасы шеңберінде облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 107 өтінім бойынша 10,8 млрд. теңге берілді. Қазіргі уақытта 266 млн. теңгеге 3 өтінім қаралуда, ал 669 млн. теңгеге 11 өтінім мақұлданды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ШҚО филиалының мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бері көктемгі дала жұмыстарына арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының 163 бірлігі 5,3 млрд. теңге сомасына лизингке берілді.