|
1. Жалпы ережелер |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Орналасқан жері: ШҚО, Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі 40, байланыс телефондары: 8 (7232) 505-077 Басшы Каджибекова Ажар Елемесовна Қызмет саласы – ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы орган |
|
2 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат |
Ауыл шаруашылығы саласында 20 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2025 жылы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы 5729 қызмет көрсетті; Ауыл шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. |
|
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру. 2. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру. 3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу). 4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу. 5.Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау. 6.Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау. 7. Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау. 8. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау. 9. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау. 10. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау. 11. Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау. 12..Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. 13.Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау. 14.Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау. 15.Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау. 16.Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау. 17.Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау. 18.Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру. 19.Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру. 20. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
|
|
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
0 |
|
|
Тегін және/немесе ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
5729 |
|
|
Қағаз және/немесе электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
Электрондық - 5729 Қағаз түрінде - 0 |
|
3 |
Барынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат |
Өтінімдердің басым бөлігі саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеуді жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау бойынша түсті (1942 өтінім)
|
|
2. Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс |
||
|
1) |
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәліметтер |
Ақпарат ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ресми сайтына жарияланды және басқарма ғимаратының кіре берісінде және ішінде қабырғаға орналастырылған.
|
|
2) |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейтін, бекітілген заңнамалық нормативтік актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат |
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.
|
|
3) |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар |
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген жауапты қызметкерлер көрсетеді. Басқармаға көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде құзыретті мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. |
|
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет: |
||
|
1) |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Оңтайландыру және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандырудың мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету процестерін қарапайым ету және тездету болып табылады.
|
|
2) |
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
2025 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
|
|
3) |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру |
0
|
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау |
||
|
1) |
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арыз-шағымдары туралы ақпарат |
2025 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. |
|
2) |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері |
- |
|
3) |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына уәкілетті орган жүргізген ішкі бақылау нәтижелері |
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі бекіткен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу кестесіне сәйкес ШҚО әкімінің аппаратына 2025 жылдың есепті кезеңі бойынша есептер жіберілді.
|
|
4) |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері |
Есепті кезеңде қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ. |
|
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін бұдан әрі көтеру және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары |
||
|
|
1. Жауапты мамандар жыл сайын «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі; 2. Күн сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізіледі; 3. Басқармада мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданады; 4. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. 5..Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығынарттыру және мемлекеттікқызметтеркөрсетусапасын арттыру мақсатында2026жылғаҚРзаңнамасынсақтаумәселесі бойынша бақылауіс-шараларының жоспарыбекітілді. 6. 2026 жылы ауыл шаруашылығы басқармасы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
|
|