
2026 жылғы 2–6 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге арналған арзандатылған дизель отыны бойынша операторларды айқындауға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына сәйкес, 2-параграфтың 17-тармақшасында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған арзандатылған дизель отыны бойынша оператор ұсынуға тиіс құжаттар тізбесі айқындалған.
Аталған тармақшаға сәйкес құжаттар белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органға ұсынылады және оларды қарау нәтижесі бойынша шешім қабылданады.
Қосымша ақпаратты 8-7232-50-50-88 байланыс нөмірі немесе Өскемен қаласы Бейбітшілік көшесі №38/40 мекен жайында орналасқан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан алуға болады.
Құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін тапсыруға қажет.