Ауыл шаруашылығы басқармасы Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды

Ауыл шаруашылығы басқармасы Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды

Ауыл шаруашылығы басқармасы Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші (лар) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны(жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазба;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны(жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар шығыстарының сметасын;
5) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі-ҚР ҰӘҚ)ғылыми және (немесе) ғылыми – техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі;
6) заңды тұлғалар үшін:
Жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)туралы куәліктің көшірмесі;
соңғы екі жылдағы қаржылық есептіліктің көшірмесі;
салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша есепке алу салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
өтініш берушінің өтініш берген күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде банк (банктер) алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы Банктің (банктердің) анықтамасының түпнұсқасы (егер өтініш беруші бірнеше Екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) бірінші басшысының қолы қойылып немесе оны алмастыратын тұлғаның және Банктің (банктердің)мөрімен;
аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды орындауға өтініш берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың көшірмелері;
өңірдің АӨК-не инновациялық жобаны енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін өтініш берушінің өзінің ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік базасын беру туралы міндеттемесін растайтын құжаттар (мәліметтер) (болған жағдайда);
7) жеке тұлғалар үшін:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің дұрыстығын куәландыру туралы куәландырушы жазбасы бар көшірмесі құжаттың түпнұсқасы бар көшірмесі;
салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша есепке алу салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды орындауға өтініш берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
инновациялық жобаны енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін өзінің ғылыми-техникалық және өндірістік базасын ұсыну туралы оның міндеттемесін растайтын құжаттар (мәліметтер) (болған жағдайда).
8. Инновациялық жобаларды енгізу және тарату үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру алу конкурсына қатысу үшін өтініш беруші(лар) ұсынатын материалдар осы Қағидалар мен оларға қосымшалардың талаптарына сәйкес қалыптастырылады және ресімделеді.
9. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің толық емес немесе дәйексіз деректерді ұсынуы өтінімді қабылдамауға негіз болып табылады.
Ережелермен танысу сілтемелері:
http://zan.gov.kz/client/?fbclid=IwAR0PZK8-EpOxv29h1sqz5FPMB_ZQZ-8-ypzmIjFeH-1PRC4autu9yuSDJyQ#!/doc/219911/rus.
http://zan.gov.kz/client/?fbclid=IwAR0PZK8-EpOxv29h1sqz5FPMB_ZQZ-8-ypzmIjFeH-1PRC4autu9yuSDJyQ#!/doc/219911/kaz
Жобалар бойынша деректер 7-тармақтың ережелеріне сәйкес қабылдау мерзімі 2026 жылғы 1 наурызға дейін эл-ге жіберілсін. мекен-жайы m.trashpaev@akimvko.gov.kz, жұмыс телефоны 87232 505 047.