әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

2026 жылғы  29 қаңтарда  облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.М. Омардың  төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

 Отырыста комиссия мүшелерінің шешімімен  бағаны тұрақтандыру мақсатында , қосымша көлемде бакалея өнімдерін сатып алу  бойынша шешім қабылданды   атап айтқанда: күріш – 10 тонна, күнбағыс майы – 15 тонна, қарақұмық жармасы – 20 тонна, қант – 25 тонна, тұз – 2 тонна, макарон өнімдері – 15 тонна.

 Аталған өнімдерді жеткізуші ретінде  жеке кәсіпкер ИП Эрликоваға  айқындалып, Қағидаға сай   «айналым схемасы» аясында  65,8 млн.тенге қаражат берілді.