Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

📲 Өтінімдер http://subsidy.plem.kz/    электрондық порталы арқылы қабылданады.

Қатысу шарттарымен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қойылатын талаптармен және субсидиялау нормативтерімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген Қағидаларда танысуға болады.