
2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы заманауи қаржы тетіктеріне баса назар аудара отырып, мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдаудың жүйелі және тиімді кешенді жоспарын қалыптастыру міндетін қойды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі және мақұлдады, оның негізгі мақсаттары ауыл шаруашылығы жануарларының басын ұлғайту, олардың өнімділігін арттыру және өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады.
Кешенді жоспар шеңберінде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекетті қолдау шаралары көзделген:
1) қолданыстағы:
- СҚО тәжірибесі бойынша жобаларды жеңілдікпен кредиттеу (мерзімі - 10 жылға дейін, мөлшерлемесі-жылдық 2,5%, жеңілдікті кезеңі-2 жылдан аспайды);
- ет саласында австралиялық технология бойынша жобаларды іске асыру.
2) жаңа несиелік өнімдер:
- асыл тұқымды мал басын сатып алуға жылдық 6% - бен кредиттік өнім (Игілік кредит беру бағдарламасы, жылдық мөлшерлеме 6%, кредит беру мерзімі 7-10 жыл, жеңілдікті кезең 2 жыл). Мал шаруашылығының барлық бағыттарын, соның ішінде марал шаруашылығы мен ара шаруашылығын қамтиды. Бұл шараны іске асыру табынның жаңаруын жеделдетуге және мал шаруашылығының генетикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді;
- жылдық 5% - дан аспайтын мөлшерлемемен (мал шаруашылығының барлық бағыттары бойынша)мал шаруашылығы саласының айналым қаражатын толықтыруға кредит беру;
- жылдық 6% - бен шалғайдағы мал шаруашылығы жобаларын құруға арналған бірыңғай кредиттік өнім;
- ЖПШ-да ІҚМ басын қолдан ұрықтандыру (техник-ұрықтандырушы/асыл тұқымды орталық/дистрибьютерлік орталықтың ұрықтандыру фактісі бойынша 70% және төлді алу және оны ӨИС-ке тіркеу фактісі бойынша 30% схемасы бойынша жасанды ұрықтандыруды ұйымдастыруға арналған шығындары субсидияланады);
- эмбриональды көбею технологиясын енгізу (ұрпақ алу фактісі бойынша эмбрион үшін 120 мың теңге норматив бойынша субсидиялау). Асыл тұқымды бұқалардың тұқымын субсидиялау нормативтерін ұлғайту көзделеді: бір жынысты – 18 мың теңгеге дейін, екі жынысты – 9 мың теңгеге дейін. отандық мал басының таралымын қамтамасыз ету мақсатында;
- тері мен жүнді қайта өңдеуді дамыту. Айналымды толықтыруға жеңілдікті кредиттік қаражат беру арқылы Сервистік-дайындау орталықтарын құруды ынталандыру; экологиялық таза өнім шығаратын отандық кәсіпорындарға жүн тапсыруды субсидиялаудың ұлғайтылған нормативі (кг үшін 50 теңге).
Сондай-ақ, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту үшін "Даму"Қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігін қолдану көзделген.