
Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия облыстың қалалары мен аудандарында бағаларды тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер мен жеткізушілерді ынтымақтастыққа шақырады.
Қатысу шарттары:
Мамандандырылған ұйым– «Ертіс» ӘКК» АҚ
мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., 59/1.
Бағдарламаға қатысушыларға «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен қатысушылар арасында қарыз шарты жасасу арқылы, қайтарымдылық шарттарымен қарыз беріледі.
Бағдарлама қатысушылары қарызды қайтару міндеттемелерін орындауды «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-қа мүлікті кепілге қою, банк кепілдігі, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде қамтамасыз етеді.
Толығырақ шарттар мына сілтемелерде жарияланған:
дерекқорда: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V19V0006168 (Ереженің 36–44-тармақтары),
https://spkertis.kz/ru/price-stabilization