Бүгін Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы баяндадым.

Бүгін Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы баяндадым.

Бүгін Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы баяндадым. Басты нәтиже – өңір тұрғындарының 100%-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында соңғы сегіз жоба аяқталды. 2021 жылдан бері 60 жоба іске асырылып, 1 000 шақырымнан астам су құбыры желілері салынды және қайта жаңғыртылды, 112 шағын елді мекенде блокты-модульді станциялар орнатылды. Нәтижесінде тағы 48 мың адам ауыз суға қол жеткізді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 23 млрд теңгеге су беру және су бұру желілерінің 358 шақырымнан астамы жаңартылды. Бұл су құбырларының тозуын 47%-ға, ал кәріз жүйелерінің тозуын 69%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Биыл да бұл жұмысты жалғастырамыз: 9 млрд теңгеге тағы 309 шақырым желіні жаңарту жоспарланып отыр. Ұлттық жоба аясында 2030 жылға дейін қалалық желілердің 333 шақырымын жаңарту және төрт қалада тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту көзделген. Риддер қаласында жоба ЕҚДБ-ның қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл желілердің тозуын одан әрі азайтып, жүйенің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар коммуналдық шаруашылықты цифрландыруды қолға алынуда. Өскемен қаласында су беру және су бұру жүйелерін автоматтандыру жобасы іске қосылады, орталықтандырылған цифрлық басқаруға көшу көзделген. Бұл судың ысырап болуын азайтып, энергия тиімділігін арттыруға бағытталған. Су үнемдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Ауыл шаруашылығында мұндай технологиялар 16 мың гектар алқапта қолданылуда, ал өнеркәсіпте айналымдық су жүйелерін 20 кәсіпорын пайдаланып отыр. Бұл жұмысты кезең-кезеңімен кеңейте беретін боламыз.