Хабарландыру! 2026 жылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына дизель отынын алу үшін өтінімдерді қабылдау туралы

Хабарландыру! 2026 жылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына дизель отынын алу үшін өтінімдерді қабылдау туралы

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге көктемгі егіс және күзгі дала жұмыстары кезеңінде мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларының 4-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген), келесіні хабарлаймыз.

Келесі жылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын өткізуге қажетті дизель отыны көлемдерін қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 1 – 30 желтоқсан аралығында субсидиялау ақпараттық жүйесі (ГИСС) арқылы жүзеге асырылады.

Осыған байланысты 2026 жылғы маусымдық агротехникалық жұмыстарға дизель отынын алу үшін өтінім беру кезеңі ашылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, өтінім беру тәртібі мен талаптарымен алдын ала танысудың қажеттілігін назарларыңызға саламыз.

Қосымша ақпаратты қалалық және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінен, сондай - ақ               8-7232-50-50-88 байланыс нөмірі арқылы алуға болады.