
2025 жылғы 25 қарашада "Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ-де жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру кезіндегі заңдылықты және негіздемені сақтауға, «Құқық және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын даулауға байланысты даулар санатының азаматтық сот ісін жүргізуден әкімшілік сот юрисдикциясына берілуі туралы заң жобасына, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, оның ішінде тыңдалым өткізу қажеттілігі туындаған жағдайдағы мерзімі туралы кезекті түсіндіру мәселелеріне қатысты ұжымда жиналыс өткізілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің жоғарыда көрсетілген қызмет салаларында құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндірмелер және ұсынымдар берілді.