
Ауыл шаруашылығы басқармасы Шығыс Қазақстан облысында марал шаруашылығын дамыту бойынша кеңес өткізді
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасы шеңберінде ауыл шаруашылығы басқармасы республикалық марал шаруашылығы палатасымен бірлесіп облыстың марал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді.
Кеңеске қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, республикалық марал шаруашылығы палатасының облыстық филиалының, марал шаруашылығы шаруашылықтарының өкілдері қатысты.