Құрметті әріптестер және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!

Құрметті әріптестер және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!

Сіздерді: «Ара өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялар мен жабдықтар. Экологиялық және органикалық талаптар. Энтомофильді ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың агротехникалық тәсілі ретінде тозаңдату. ЕО және Азия елдерінің нарықтарына шығу үшін балды стандарттау» тақырыбындағы семинарға қатысуға шақырамыз.

Өтетін күні: 2025 жылы 28 қараша.

Тіркеу 13.30 сағ.

Басталуы 14.00 сағ.

Өтетін орны: «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, ШҚО, Глубокое ауданы, Опытное поле кенті, Нагорная көшесі, 3

Дәріскерлер: Нұралиева У. А. – бөлім меңгерушісі, Рукавицин И.И. – маман,

Жұмағалиев А.Д. – жетекші маман

Семинар Ұйымдастырушылары: «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

+7 705 2069665

Іс-шара ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» 267 бюджеттік бағдарламасының «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» 100 бағдарламасы шеңберінде өткізіледі.