2025 жылғы 18 қазанда Өскемен қаласында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бойынша ақпарат

2025 жылғы 18 қазанда Өскемен қаласында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бойынша ақпарат

Өскемен қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 20 қыркүйектен бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен «Алтай » КТО аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу қайта басталады. Осыған байланысты,  2025 жылдың 13 желтоқсанына дейін жәрмеңкелерді өткізу кестесі бекітілді.

18 қазанда жоспар бойынша «Алтай» КТО аумағында Катон-Қарағай ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге жалпы көлемі 2 мың тоннадай түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінеді. Атап айтқанда:

  • сиыр еті – 300 тонна,
  • жылқы еті – 300 тонна,
  • бал – 500 тонна,
  • құрт – 20 тонна,
  • сүзбе – 20 тонна,
  • панты өнімдері – 50 тонна,
  • көкөніс өнімдері – 100 тонна, және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады.

Жалпы, облыс және аудан орталықтарында «демалыс күні» жәрмеңкелерін өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру және халықты орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сапалы және табиғи азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.