Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

2025 жылғы 11 қазанда Өскемен қаласында өтетін

ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бойынша ақпарат

 

Өскемен қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 20 қыркүйектен бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен «Алтай » КТО аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу қайта басталады. Осыған байланысты,  2025 жылдың  13 желтоқсанына дейін жәрмеңкелерді өткізу кестесі бекітілді.

11 қазанда кесте бойынша «Алтай» КТО аумағында Риддер қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Жалпы, облыс және аудан орталықтарында «демалыс күні» жәрмеңкелерін өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру және халықты орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сапалы және табиғи азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.