Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) 2025 жылғы 20 қыркүйекте таза планета үшін қозғалысты қолдау мақсатында халықаралық World Clean Up Day акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған акцияның мақсаты – ел тұрғындарын біріктіру, адамдардың тазалықты сақтау туралы көзқарасын өзгерту, қоршаған ортаны қорғау, қоқысты сұрыптап жинау принципін енгізу және оның әрі қарай өңделуін қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда министрлік келесі санаттар бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына (КИнЭС) тіркеу үшін ресми өтініш тапсырды:
- қатысушылардың ең көп саны;
- жинақталған қалдықтардың ең үлкен көлемі;
- ең кең географияда өткізу.