Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы

Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді:

«Әдебиет»,

«Ғылым»,

«Дизайн және бейнелеу өнері»,

«Журналистика»,

«Классикалық музыка»,

«Креативті бастамалар»,

«Спорт»,

«Театр және кино»,

«Эстрада»,

«Халық шығармашылығы». 

 Конкурс туралы хабарландыру  Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/861853?lang=kk cілтемесі арқылы орналастырылған.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 26 маусымнан бастап 27 тамыз аралығында жүзеге асырылады.