Құрметті мал шаруашылығы саласының ардақты өкілдері!

Құрметті мал шаруашылығы саласының ардақты өкілдері!

Құрметті мал шаруашылығы саласының ардақты өкілдері!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Малшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел экономикасының маңызды саласы саналатын мал шаруашылығында сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз.

Жаздың аптабында да, қыстың аязында да тыным таппай, халқымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген еңбектеріңіз нағыз ерлікке пара-пар.

Төлдің амандығы, малдың өсімі, елдің ырысы - бәрі де сіздердің маңдай тер, табанды еңбектеріңіздің нәтижесі.

Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Мал-жан аман, қора-қопсы толы, қыстау тыныш болсын!

Мерекелеріңізбен!

 

Шығыс Қазақстан облысы

ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы                                                 А. Каджибекова