2025 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық инспекциясының «Қазығұрт» ветеринариялық-санитариялық бақылау бекетінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк автокөлігін тексеру кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды.
2025 жылғы 31 наурыздағы №04-07-0018483 ветеринариялық сертификатына сәйкес, «Алма-Ақтөбе» шаруа қожалығына (Ақтөбе облысы) тиесілі көлік құралында 82 бас бұзау болуы тиіс еді.
Алайда, іс жүзінде тексеру барысында 80 бас өгізше мен 2 бас ұрғашы бұзау анықталды, бұл мәлімделген деректердің сәйкес келмеуін көрсетеді.
Автокөлік жүргізушісіне айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, ал жүк кері қайтарылды.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жануарларды мемлекеттік шекара арқылы тасымалдау кезінде ветеринариялық заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.