Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес Комитетте және оның аумақтық бөлімшелері мен бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды (бұдан әрі – ішкі талдау) 2025 жылдың 02 мамырынан бастап 2025 жылдың 17 маусымына дейін келесі бағыттарда жүзеге асырылатынын хабарлайды:

1)     талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2024 жылдың 01 мамырынан бастап 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін.

Ішкі талдау шеңберінде жемқорлық тәуекелдерін қоғамдық талқылауы өткізіледі.

Қоғамдық талқылауыға қатысу бойынша ұсыныстар мен өтінімдер «Е-Өтініш» АЖ және serikbaiuly.a@minagri.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

 

Байланыс телефоны: - 8 (7172) 555-828

Сенім телефоны: 8 (7172) 555-413