ШҚО аумақтық инспекциясы АШМ ВБҚК-нің ұсақ мал обасының ошағын жою бойынша оқу-жаттығуларын өткізді

ШҚО аумақтық инспекциясы АШМ ВБҚК-нің ұсақ мал обасының ошағын жою бойынша оқу-жаттығуларын өткізді

2025 жылдың 28 наурызында Шемонаиха қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы  ұсақ мал обасының ошағы пайда болған кездегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша модельдеу оқу-жаттығуларын өткізді.

Оқу-жаттығулар ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бекітілген жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Іс-шара жеке қосалқы шаруашылықтардың бірінде өтті, онда нақты жағдайларға барынша жақын жағдайларда аса қауіпті аурудың ошағын анықтау, оқшаулау және жою жөніндегі шаралар модельденді.

Оқу-жаттығуларға Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасарын, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының, биоқауіпсіздік бөлімінің, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, ветеринариялық зертхананың, республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың, аудандық және қалалық аумақтық инспекциялардың, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, ауылдық округтердің ветеринариялық пункттерінің, аудандық ГЭС-тің, төтенше жағдайлар бөлімінің және полиция қызметкерлерінің өкілдерін қоса алғанда, әр түрлі ведомстволардан 65 маман қатысты. Іс-шараларды өткізу үшін 25 бірлік автокөлік тартылды.

Оқу-жаттығулардың мақсаты аса қауіпті аурулардың ықтимал өршуіне дайындықты және жедел әрекет етуді арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін пысықтау, сондай-ақ инфекция ошағын диагностикалау, алдын алу және жою саласындағы мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру болды.

Оқу-жаттығулардың нәтижесі барлық қойылған міндеттердің сәтті орындалуы болды, бұл ретте қатысушылар кәсібиліктің жоғары деңгейін және іс-қимылдардың үйлесімділігін көрсетті.